Қазақстанда онлайн шағын несие беруге толық тыйым салынуы мүмкін

17 Просмотры
Издатель
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуық арада банк алдындағы берешегі 90 күннен асқан адамдарды «жаңа несиеден арашалайтын» жарлыққа қояды. Яғни мойнында қаржы ұйымдарында қарызы бар қазақстандықтар қайта кредит рәсімдей алмайды. Ал елімізде мұндай адамдардың саны бір миллион төрт жүз мың екен. Үкіметті толық құрамда жинаған мемлекет басшысы бүгін осылай деді. Айжан Шамшидин толығырақ айтады.
Биылғы жылдың статистикасы проблемалық кредиттер көлемі жарты триллион теңгеге жеткенін көрсетіп отыр. Банк алдындағы берешегін 1 миллионнан астам азамат өтей алмай жүр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарызға белшесінен батқандардың басым бөлігі микрокредитті еш ойланбастан алатындар дейді. Әрине халықтың көбі бұл ақшаны шарасыздықтан бұрынғы несиені өтеу үшін алады. Дегенмен, алдағы уақытта кредит берудің мұндай тәртібі біздің елде мүлдем болмауы мүмкін. Ал банк алдында қарызын үш ай бойы төлемегендер енді қайталама несие алудан мүлдем қағылады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыларды жаңа міндеттемелер қабылдаудан арашалау тетігін ойластыру қажет. Жақын арада мен тиісті Жарлыққа қол қоямын.
Ал экономистер микро-кредит ұйымдарын жіті тексеру қажет дейді. Мамандар пайыздық үстемені тым аспандатып жібергендердің жұмысын тоқтатқан дұрыс деген пікірде. Ал жалпылама алғанда нарықтық жағдайда онлайн шағын несие берілу қалыпты жағдай екен. Тек әр адам төлей алатын әлеуетіне сай микрозайм алса абзал.
ЖАНГЕЛДІ ШЫМШЫҚОВ, экономист:
– Форс-мажор деген жағдайлар болады. Өзіне тікелей байланысты емес. Әр түрлі сыртқы факторларға байланысты қаражатсыз қалған. Әрине соған сәйкес мұндай кредиттің болғаны дұрыс. Алайда, олардың барлығын жаппай кредиттеу олардың басыбайлы құлы болумен тең. Өйткені бір емес бірнеше кредит алған адам толыққанды өмір сүре алмайды.
Жалпы елімізде онлайн несие алу қиындай түседі. Қазір жауаптылар кепілсіз онлайн микрокредитті берудің тәртібін тағы пысықтап, алдағы уақытта жаңа ережелерді бекітпекші.










Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал
Категория
Кредит онлайн
Комментариев нет.