Картаны жалға алу: алаяқтар ақшаны бөтен шоттар арқылы қалай «жылыстатады»

12 Просмотры
Издатель
«50 000 теңгеге картаны жалға аламын» - мұндай хабарландырулардың артында алаяқтар жасырынады. Олар жылдам табыс пен аударымнан пайыз алатынына уәде береді, бірақ бөтен карталарды ұрланған қаражатты шығару үшін, криптамен жасалатын мәмілелер үшін, қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланады. Олар ақшаны жылыстатады, ал осы мақсатта шоты қолданылған адам қылмысқа қатысушы болып шыға келеді.

Схема қалай жұмыс істейтінін бейнероликте көрсетеміз.

Қазақстанда алаяқтықпен байланысты аударым үшін Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ол бойынша ең жоғарғы жаза - 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Қаскүнемдерге көмектеспеу үшін мұндай хабарландыруларға ешқашан жауап бермеңіз және картаңыз бен оның деректерін үшінші тұлғаларға бермеңіз.

Сақ болыңыз!

Есіңізде болсын:
• Картаның деректемелері мен SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз.
• Таныс емес сілтемелерге өтпеңіз.
• Таныс емес адамдардың өтініші бойынша ақша аудармаңыз және төлем жасамаңыз.
Категория
Кредит наличными
Комментариев нет.